«Еліміздің 8 өңірінде 42 мемлекеттік орган ғимаратына залал келді» – Роман Скляр

«Еліміздің 8 өңірінде 42 мемлекеттік орган ғимаратына залал келді» – Роман Скляр

«Еліміздің 8 өңірінде 42 мемлекеттік орган ғимаратына залал келді» – Роман Скляр
ашық дереккөзі
Мәжілістің кезектен тыс пленарлық отырысы барысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр биылғы қаңтар айында Қазақстанда болған оқиғалардан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарының нәтижелері туралы баяндады деп хабарлады turkystan.kz. Қазір Үкімет жергілікті атқарушы органдармен және ұйымдармен бірлесіп, мемлекеттік органдардың нысандарын қалпына келтіру және тәртіпсіздіктер салдарынан зардап шеккен кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген залалды өтеу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Жалпы, қаңтардағы оқиғалар кезінде еліміздің 8 өңірінде (Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстары) 42 мемлекеттік орган ғимаратына залал келтірілген. Роман Склярдың айтуынша, келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 30 млрд теңгені құраған. Оның ішінде республикалық бюджеттен 18 нысанды қалпына келтіруге 28 млрд теңге бағытталды.
«Барлық нысандарға техникалық тексеріс жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша 28 ғимаратқа ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ, 14 ғимаратқа күрделі жөндеу және реконструкциялау жұмыстарының қажеттілігі анықталды. Бүгінде 21 нысанда ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Наурыз айының соңына дейін 5 ғимаратқа, мамыр және маусым айларында қалған 2 нысанға жөндеу жұмыстары жүргізіледі», - деді бірінші вице-премьер.
Сонымен қатар күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қажет ететін 14 мемлекеттік нысанда жұмыс жүргізіліп жатыр. Кестеге сәйкес, 7 ғимаратта жұмыстар наурыз айында, 5 нысанда маусым айында аяқталады.
«Едәуір келтірілген зақымды ескере отырып, Алматы қаласының әкімдігі мен «Қазақстан» ТРК ғимаратын қайта жаңарту жұмыстары биылғы қазан айында аяқталады деп күтілуде», - деп нақтылады Роман Скляр.
Тағы оқи отырыңыз: Қаңтардағы қақтығысқа қатысқан 72 адам сотталды