«Қару қолдануға мәжбүр етті»: қаңтарда 1,5 мыңнан астам ғимарат бүлініп, 765 көлік өртенген

«Қару қолдануға мәжбүр етті»: қаңтарда 1,5 мыңнан астам ғимарат бүлініп, 765 көлік өртенген

«Қару қолдануға мәжбүр етті»: қаңтарда 1,5 мыңнан астам ғимарат бүлініп, 765 көлік өртенген
ашық дереккөзі
18-20 жастағы полиция мен сарбаздарды аяусыз ұрып-соғып, мазақ еткен кадрларды көрдік. Бірақ сол кезде де шабуылдаушыларға оқ атылмады. Бұл туралы Мәжілісте өтіп жатқан жиында Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Сол қиын жағдайда полиция қызметкерлері, Ұлттық Ұлан мен Қарулы Күштердің әскери қызметшілері соңына дейін зорлық-зомбылықты тоқтатуға тырысты және соңына дейін жауынгерлік қаруды қолданбады», - деді ол.
Айтуынша, Қарулы Күштердің әскери қызметшілері өлімге әкелмейтін резеңке оқтар, көзден жас ағызатын газ және жарық шуылды гранаталар қолданумен ғана шектелген. Бірақ 5 қаңтарда Алматыдағы шабуылдаушылар суық қарумен жасанып алған. Олар мемлекеттік және коммерциялық 1,5 мыңнан астам ғимаратты бүлдірген. Өрт сөндіру, жедел жәрдем, полиция және азаматтық автокөліктерді қоса алғанда, 765 көлікті өртеп жіберген.
«Азаматтарға, бизнеске және мемлекетке миллиардтаған залал келтірілді. Акциялардың түпкі мақсаты билікті күшпен басып алу болды. Заң бойынша мұндай әрекеттер терроризм актісі ретінде қарастырылады. Көшедегі зорлық-зомбылықты тоқтату және азаматтардың өмірін қорғау үшін құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері қару қолдануға мәжбүр болды», - деді Берік Асылов.