Қаңтардағы қақтығысқа қатысқан 72 адам сотталды

Қаңтардағы қақтығысқа қатысқан 72 адам сотталды

Қаңтардағы қақтығысқа қатысқан 72 адам сотталды
ашық дереккөзі
Бұл жайында Мәжілісте Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазір полицияның тергеуінде 2 919 қылмыстық іс бар. Мыңнан астам күдікті қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. Мемлекет басшысы жазаны жеңілдететін жағдайларды ескеруді тапсырды. Сондықтан 400-ден аса күдіктінің 219-ы қамаудан босатылды. Ал ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған 184 күдікті қамауда отыр», - деді Марат Ахметжанов.
Сонымен қатар тергеу барысында 12 мыңнан астам азаматтан жауап алынған.
«Бүгінде 229 айыпталушыға қатысты іс сотқа жолданды. Қазірдің өзінде 72 адам сотталды. Оның бесеуі бас бостандығынан айырылды. Қалғандары басқа жазаға тартылды»,- деді Ішкі істер министрі.
Тағы оқи отырыңыз:Бас прокурор «Қасіретті қаңтарда» 11 өңірде зорлық-зомбылық болғанын растады