Ресейде тәжіктер мен қырғыздар жаппай төбелесе кетті (ВИДЕО)

Ресейде тәжіктер мен қырғыздар жаппай төбелесе кетті (ВИДЕО)

Ресейде тәжіктер мен қырғыздар жаппай төбелесе кетті (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Ресейдің Благовещенск қаласында қырғыздар мен тәжіктердің арасында жаппай төбелес болды деп хабарлады turkystan.kz. asiaplustj.info порталына сілтеме жасап. Төбелес Благовещенсктегі көп вахтаның бірінде болған. Бұған дейін осы жерде тәжік жұмысшылары өздерінің көптігіне сенімді болып, орыс, татар мен басқа да ұлт өкілдерімен төбелесіп, оларды сыйдырмай, қуып шыққан екен. Сосын тәжіктер қырғыздарға да тиісіп, тамақтарына түкіріп, жұмыс орындарынан шеттеткісі келген көрінеді. Осыған шыдамаған қырғыздар тәжіктермен төбелескен. Бұған дейін әлеуметтік желіде Ресейдің Благовещенск қаласында 200 қазақтың 800 тәжікпен төбелескені туралы бейнежазба жарияланған болатын. Ал asiaplustj.info порталының хабарлауынша, мигрант жұмысшылардың арасындағы төбелес 8-9 наурыз күндері Амур газ өңдеу зауытының құрылыс алаңында болған. Тәжікпен қақтығысқа түскендердің қазақ емес, қырғыз азаматтары екені расталды.

Видео дереккөзі мына сілтемеде.