Жаңалықтар

Қаңтардағы қақтығысқа қатысты 3 770 қылмыстық іс қозғалды

ашық дереккөзі

Қаңтардағы қақтығысқа қатысты 3 770 қылмыстық іс қозғалды

Бұл жайында Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. «Мемлекет басшысы құқық қорғау және арнаулы органдарға қаңтар оқиғасы себептерін егжей-тегжейлі тергеп, тексеруді тапсырды. Аталған фактілер бойынша барлығы 3 770 қылмыстық іс қозғалды. Басым бөлігі Ішкі істер министрлігінің өндірісінде. Олар адам өлтіру, ұрлық, қарақшылық, қару ұрлау істеріне байланысты», - деді Берік Асылов. Сондай-ақ Бас прокурор Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеудің заңсыз тәсілдерін қолдау фактілері бойынша 234 істі қарап жатқанын айтты.