Петропавлда үйде темекі шегу салдарынан 5 адам өртеніп кетті

Петропавлда үйде темекі шегу салдарынан 5 адам өртеніп кетті

Петропавлда үйде темекі шегу салдарынан 5 адам өртеніп кетті
ашық дереккөзі

Қайғылы оқиға кеше түнде Петропавлдағы аудандардың бірінде болды. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткенде от шатырды шарпыған және қою түтін болған деп хабарлады turkystan.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«СҚО ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің 101 пультіне сағат 01:07-де төрт пәтерлі кірпіш тұрғын үйдегі өрт туралы хабарлама келіп түсті. Пәтердегі өртті жою барысында 1975, 1979 жылы туған екі ер адамның және 1960, 1967 жылы туған әйел адамдардың жансыз денелері табылды. Сонымен қатар шыға берісте 1960 жылы туған басқа ер адамның денесі жатқан. Мәйіттер сот-медициналық сараптамаға жіберілді», - делінген хабарламада.
Өрт аумағы – 60 шаршы метр. Ведомство қайғылы оқиғаның алдын ала себептерін ішімдік ішу және төсекте темекі шегу деп атады.