«Мынау апаң қуды»: қазақтар тағы бір «ырым» шығарып алыпты (ВИДЕО)

«Мынау апаң қуды»: қазақтар тағы бір «ырым» шығарып алыпты (ВИДЕО)

«Мынау апаң қуды»: қазақтар тағы бір «ырым» шығарып алыпты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Instagram-дағы aqparat.kz парақшасына сәбидің басын дүкен шұжығымен орап, «ырым» жасап жатқан үлкендердің видеосы жарияланды деп хабарлады turkystan.kz. «Қазақ ырым етеді, ырымы қырын кетеді» дегендей, кейінгі кезде жұрт неше түрлі ақылға сыймас әрекеттерге әуес болып жүр. Мына жайтқа да желі қолданушылар бейжай қарай алмады. Олардың «жаңа ырымды» жақтап отырған біреуі жоқ.
«Артынан еще жұмыртқа жармадыңдар ма басына? Тупизм», «Бәрі далбаса. Алла адастырмасын», «Мынау апаң қуды. Рөлге жақсы кіріп отыр өзі, сендіріп», «Тамағы тоқтық, көйлегі көктік аздырар адам баласын» дегендей, баршылықтан миы ашып, енді колбасамен басына «тәж» кигізу шықты ма? Сандалғандар», «Колбасамен ырым жасағанды бірінші рет көріп тұрмын. Ата-бабамыз колбаса пайдаланбаған шығар енді», «Жынды ма? Бұл тағы қандай ырым? Сыған құсап жасай беретін болыпты ғой», «Еріккеннің ермегі, бұл ешқандай да ырым емес» дегендей пікірлер көп.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ӘЛЕУМЕТТІК-АҚПАРАТТЫҚ ПАРАҚША (@aqparat.kz)