Қызылордада Мұстафа Шоқайға ескерткіш бой көтереді

Қызылордада Мұстафа Шоқайға ескерткіш бой көтереді

Қызылордада Мұстафа Шоқайға ескерткіш бой көтереді
ашық дереккөзі
Қызылорда облыстық әкімдігі бюджеттен мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайдың ескерткішіне 49 млн 346,0 мың теңге бөлген. Ескерткішті орнатуға Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі Мемлекеттік комиссияның хаттамалық шешімімен келісім алынған. Алып ескерткіштің биіктігі — 6 метр, бүгінгі күні ескерткіш орнатуға толық дайын тұр. Ескерткіш 3 натуралық өлшемде, қола материалынан құйылған. Авторы — Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, мүсінші Көшер Байғазиев. Бүгінгі таңда Қызылорда қаласының орталығынан ескерткіштің орны белгіленіп, «Мұстафа Шоқай атындағы қоғамдық қордың» қаржысы есебінен биіктігі 6 метрді құрайтын гранит постаменттің құрылысы жүргізілуде.