«Миналанған»: Ресей ұшағы Қазақстан аспанында дабыл белгісін берді

«Миналанған»: Ресей ұшағы Қазақстан аспанында дабыл белгісін берді

«Миналанған»: Ресей ұшағы Қазақстан аспанында дабыл белгісін берді
ашық дереккөзі
Санкт-Петербург - Сочи бағытындағы жолаушылар ұшағы «миналанғаны» туралы хабарламаға байланысты Қазақстан аспанында дабыл белгісін берген. Қазақстан авиациялық әкімшілігінің баспасөз қызметі осы дерекке қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Агенттік өкілі ұшақ Қазақстан әуе кеңістігінен сағат 18.50-де шыққанын айтты. «Миналанғаны» туралы хабарлама жалған болып шыққан.
«Санкт-Петербург - Сочи бағытындағы А319 әуе кемесінен «миналанғаны» туралы хабарлама келді. Кейін төтенше жағдай жариялап, Астраханьға барды», - деп мәлімдеді Қазақстан авиациялық әкімшілігінің баспасөз қызметі.
Кейінірек төтенше жағдай алынып тасталды. Борт Сочиге штаттық режимде ұшып кеткен.