«К...і қыс!»: мұғалімді балағаттаған оқушының ата-анасы жауапкершілікке тартылады (ВИДЕО)

«К...і қыс!»: мұғалімді балағаттаған оқушының ата-анасы жауапкершілікке тартылады (ВИДЕО)

«К...і қыс!»: мұғалімді балағаттаған оқушының ата-анасы жауапкершілікке тартылады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Алматы облысы Талдықорған қаласындағы №4 мектепте болған оқиғаға байланысты Білім және ғылым министрлігі түсініктеме берді деп хабарлады turkystan.kz.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Гүлмира Әбіқай (@gulmir_ktk)

«11 наурыз күні биология сабағында 2005 жылы туған оқушы мұғаліммен қатты дауыспен, балағат сөздер айтып сөйлескен. Мұғалім Талдықорған қаласының полиция бөліміне арыз жазған. Қазір оқушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі («Ұсақ бұзақылық») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Шешімді Алматы облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қабылдайды. Естеріңізге сала кетейік, кәмелетке толмаған балалардың іс-әрекеттері үшін ата-аналардың жауапкершілігі қарастырылған. Осы іске байланысты оқушының ата-анасын жауапкершілікке тарту үшін әкімшілік іс қозғалды. Сонымен қатар белгіленген тәртіппен оқушыны есепке қою және оған психологиялық көмек көрсету туралы мәселе де қаралады. Айта кетейік, мұғалімдерге деген мұндай көзқарасқа жол берілмейді. Тек мұғалімдер ғана емес, ата-аналар да балалармен қоғамда өзін қалай ұстау керегі туралы әңгімелер жүргізуі маңызды», – деп хабарлады Білім және ғылым министрлігі.