QAZAQ AIR да Ресейге ұшпайтын болды

QAZAQ AIR да Ресейге ұшпайтын болды

QAZAQ AIR да Ресейге ұшпайтын болды
ашық дереккөзі
QAZAQ AIR әуекомпаниясы Ресейге барлық рейстерін тоқтатты деп хабарлады turkystan.kz.
«QAZAQ AIR әуекомпаниясы сақтандыру ұйымынан Ресей территориясында және оның әуе кеңістігінде сақтандыру өтелімі жүргізілмейтіні туралы хабарлама алды. Аталған жағдайға байланысты әуекомпания Ресей территориясы әуесінде сақтандыру өтелімі туралы мәселе шешімін таппайынша, Ресейге әуерейстерді орындауға қауқарсыз. Осы себепті Новосибирскіге бүгінгі (12 наурыз) рейс орындалмайды», - деді мекемеден.
Жолаушыларға билет құны толық қайтарылуда. Билеттерді қайтару сатып алған жерлері бойынша жүзеге асырылып жатыр. Егер ұшу құжаты әуекомпанияда сатып алынған болса, info@flyqazaq.com электронды поштасына хабарласу қажеттігі айтылды.
«Алдағы күндері кестеде болуы мүмкін өзгерістер туралы жолаушыларды хабардар етіп отырамыз. QAZAQ AIR әуекомпаниясы ұшулар қауіпсіздігі бойынша қазақстандық және халықаралық стандарттардың барлық талабын орындап отыр», - деді компанияның баспасөз қызметінен.