«Ресей әскері шегінуге мәжбүр» - Украина Қарулы күштері

«Ресей әскері шегінуге мәжбүр» - Украина Қарулы күштері

«Ресей әскері шегінуге мәжбүр» - Украина Қарулы күштері
ашық дереккөзі

Ресей әскері 16 күннің ішінде біршама шығынға ұшырады. Сондықтан шабуылға шығудың орнына қорғанысқа көшуге мәжбүр дейді Украина Қарулы Күштерінің Бас штабы. Бұл туралы turkystan.kz Украинская правда басылымына сілтеме жасап хабарлады.

«Жан-жақты ұрыс жүргізе жүріп, Украинаның Қарулы күш бөлімшелері жаудың басым бөлігін талқандады. Ресей әскері кері шегініп, Киев маңында басып алған елді мекендерін тастап кетіп жатыр», - деп хабарлады Бас штаб.
Ведомствоның мәліметінше, тағы бірнеше ауданға шабуыл жасаған Ресей әскері тұрақтап қала алмай, тағы да шегінуге мәжбүр болған.
«Жау әскері Киев пен Мариуполь қалалары маңын әлі торуылдап жүр. Кривой Рог, Кременчуг, Никопол мен Запорожья маңында шабуылға көшті. Жаяу әскермен басып ала алмасын білген қарсыластар әлі де қалаларды зымыранмен атқылап жатыр. Днепр, Луцк және Ивано-Франковск бағытында бірнеше әуесоққысы жасалды», - деп хабарлады УҚК.