«Қазақтарға көмектестік»: Лукашенко Путинге ЕАЭО елдерін біріктіруді ұсынды (ВИДЕО)

«Қазақтарға көмектестік»: Лукашенко Путинге ЕАЭО елдерін біріктіруді ұсынды (ВИДЕО)

«Қазақтарға көмектестік»: Лукашенко Путинге ЕАЭО елдерін біріктіруді ұсынды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Беларусь Президенті Александр Лукашенко РФ Президенті Владимир Путинге ҰҚШҰ мен ЕАЭО-ның экономикалық нарығын біріктіруді ұсынды деп хабарлады turkystan.kz.
«Мен сізге ұсыныс айтқым келеді... Тыңдаңызшы, біз – одақтастар әрдайым бір-бірімізге көмектесіп келдік. Қазақтарға көмектестік. Бәріне көмектестік. Кейбіреулерге нарықты ашып бердік, кімдерге екенін айтпай-ақ қояйын, ренжіп қалады. Бізге ҰҚШҰ, Еуразиялық экономикалық одақ көлемінде кездесіп, бірігуіміз керек. Біз бірге болуымыз керек. Сонда біз бір айдан соң санкцияны ұмытып кетеміз. Ұсыныс айтуға құқым бар ғой, мені қолдайсыз деп ойлаймын. Мәскеуде бір үстелдің басында кездесуіміз керек. «Біз саған мынаны сатамыз, сен маған мынаны сат» деп, өзіміздің экономикалық саясатымызды жүргізе береміз», – деді Беларусь көшбасшысы.