Елдос Қабденов – джиу-джитсудан әлем чемпионы

Елдос Қабденов – джиу-джитсудан әлем чемпионы

Елдос Қабденов – джиу-джитсудан әлем чемпионы
ашық дереккөзі

Қазақстандық Елдос Қабденов джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды. Бұл спорт түрінен Әлем чемпионаты Польшаның Ворцлав қаласында өтіп жатыр, деп хабарлады Қазақстанның Джиу-Джитсу ассоциациясының баспасөз қызметі.

«Жарысқа 46 мемлекеттен 2000-ға жуық спортшы қатысуда. Қазақстан командасында 25 адам бар. Қазақстан құрамасындағы алғашқы алтынды Елдос Қабденов алды», делінген хабарламада.

56 келі салмақ дәрежесінде Елдос файтинг-систем бөлімінде жеңіске жетті. Сонымен қатар оның бұл жарыстағы нәтижесі өзінің және бапкерінің рекорды болып отыр.