Жаңалықтар

Ақтөбелік тыңдарман Қайрат Нұртастың көзілдірігін тартып алды (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Ақтөбелік тыңдарман Қайрат Нұртастың көзілдірігін тартып алды (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде дәл осындай тақырыппен қазақ эстрадасының әншісі Қайрат Нұртастың көзілдірігінен айырылып қалған сәті түсірілген видео тарады деп жазды turkystan.kz. Кейінгі күндері Қазақстанның батыс аймағында жеке концертін өткізіп жүрген Қайрат Нұртас кезекті кешінде сахнадан түсіп, көрермендер ортасына өзі келген. Көрермендердің ұялы телефонына фотоға түсіп, кері қайта бергені сол еді, көпшіліктің арасынан белгісіз адам әп-сәтте әншінің көзілдірігін шешіп алды. «Көзілдірігін тартып алды. Аяқ киімін де шешіп алыңдарсай», - деді осы сәтті видеоға түсіріп алған автор. Мұндайды күтпеген әнші сол жерде сәл кідірген. Ол затын қайтаруды сұраған болуы мүмкін. Ал алған адамның оған көзілдірігін қайтарып берген-бермегені белгісіз. Видеоны тамашалаған әлеуметтік желі қолданушылары «Ұят болды-ау!», «Масқара!» деп пікір білдірді.  Тағы оқи отырыңыз: «Мәтінін кім жазған мынаның?»: Қайрат Нұртастың жаңа әні жұртқа ұнамады (ВИДЕО)