12 наурыздан бастап маска тағу міндетті болмайды

12 наурыздан бастап маска тағу міндетті болмайды

12 наурыздан бастап маска тағу міндетті болмайды
ашық дереккөзі
Қырғызстанда ертеңнен бастап денсаулық сақтау және қоғамдық көлік мекемелерінен басқа жерлерде медициналық маска тағу міндеттелмейді деп жазды turkystan.kz 24.kg-ге сілтеме жасап. Үкімет мәліметінше, ЖОО-да, орта арнайы оқу орындарында және басқа да жалпы білім беру ұйымдарында, сауда орталықтарында, мейрамханаларда, дәмханаларда, қоғамдық тамақтану орындарында, базарларда, мұражайларда, спорт клубтарында, кітапханаларда оқушылар мен оқытушылар құрамына маска тақпауға рұқсат беріледі. Денсаулық сақтау министрлігіне мемлекеттік органдармен бірлесіп, 12 наурыздан бастап қолданыстағы алгоритмдер мен нұсқаулықтарға өзгерістер енгізу тапсырылды. Алайда денсаулық сақтау ұйымдарында (мемлекеттік, муниципалды және жеке), сондай-ақ қоғамдық жолаушылар көлігінде міндетті түрде маска тағудың маңызы туралы айтылды. COVID-19 және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында адам көп жиналатын жерлерде, ірі сауда орталықтарында, базарларда маска режимін сақтау азаматтардың өз еркіне байланысты болады.