ЕО көшбасшылары Украинаның шұғыл ұсынысын қолдады

ЕО көшбасшылары Украинаның шұғыл ұсынысын қолдады

ЕО көшбасшылары Украинаның шұғыл ұсынысын қолдады
ашық дереккөзі
Париждегі Версальда Еуроодақ саммиті өтті. Онда ЕО көшбасшылары мен Брюссель өкілдері Киевті қолдау және Мәскеуге қарсы санкциялар енгізу мәселесін қарады деп жазды turkystan.kz euronews.com-ға сілтеме жасап. Күн тәртібіндегі мәселелердің бірі – Украинаның Еуроодаққа кіру бойынша шұғыл ұсынысы. Бұл идеяны шығыстағы мүше елдер қолдап жатыр. Бірақ бірқатар мүшелер бұл процедураның айтарлықтай көп уақыт қажет ететінін алға тартуда. Себебі, одаққа кіру кезегін тосып жүрген елдер жетерлік.
«Еуроодаққа кіру кезегінде бірнеше ел көптеген жылдар бойы тұр. Олар мүшеліктің критерийіне сәйкес келу үшін көп нәрсе жасаған. Қазір Нидерланды мен Украинаның иық тірестіріп тұрғанына ешкімнің күмәні болмасын. Бірақ бізде ұйымға қосылуды жеделдету деген түсінік жоқ», - деді голландтық Премьер-министр Марк Рютте.
Талқылаудың тағы бір тақырыбы – блоктың ресейлік энергия көздеріне тәуелділігін жеңу жолдары. Оны сатып алуды жыл соңына дейін үштен екіге қысқарту ұсынылды. Көшбасшылар біртіндеп басқа жеткізушілерге немесе басқа көздерге ауысу қажеттігімен келісті.