Ресейліктер Орал мен Ақтөбеден қап-қап азық-түлік сатып алып жатыр

Ресейліктер Орал мен Ақтөбеден қап-қап азық-түлік сатып алып жатыр

Ресейліктер Орал мен Ақтөбеден қап-қап азық-түлік сатып алып жатыр
ашық дереккөзі
Ресейге қарасты Саратов облысының Валерий есімді тұрғыны Оралға өнім жеткізумен айналысады. Ол өздерінде жоқ немесе туған жерінде қымбаттап кеткен тауарларды Қазақстаннан тасып жүр деп жазды turkystan.kz «Мой город» порталына сілтеме жасап.
«Не айтатыны бар?! Баға құбылып, өнімдер қымбаттап жатыр. Бәрі қымбаттады, ал тауарлар шектеулі мөлшерде ғана сатылады. Мысалы, картоп, пияз, макарон өнімдері, ұн бір адамға 5 келіден артық берілмейді. Кейбір дүкендерде сөрелер бос. Бір айға жетпейтін уақыт бұрын қанттың келісі 45 рубль (10 наурыздағы бағам бойынша 163 теңге) болса, қазір 90 рубль (10 наурыздағы бағам бойынша 326 теңге). Тіпті елде қант экспортына тыйым салынады деген де әңгіме бар. Ал сіздерде қант арзан. Бізде кір жуғыш машина, кондиционер сияқты техникаларға дейін қымбаттап кетті. Көліктер де күрт қымбаттаған. Импорттық тауарлар да азайды», – дейді Валерий.
Қаладағы ірі супермаркеттердің сатушылары Ақтөбеден, Орынбор облысынан да тұрғындар келіп, қант, ұн, жарма өнімдерін жиі сатып алатынын айтты. Самара облысының тұрғындары болса, дүкендерде қант тапшылығы барын жеткізген.
«Бізде көп өнімдер жоқ. Бағалар мүлдем шарықтап кетті», – дейді Самара облысының Инна есімді тұрғыны.
Бұл ретте Қазақстанда да баға көтеріліп жатқанын айта кеткен жөн. Базардағы сатушылар сүт өнімдері, тұрмыстық химия, жарма, шұжық және қант қымбаттағанын атап өтті. Мәселен, бір жерде қант 360 теңгеден, басқа жерлерде келісі 400 теңгеден сатылып жатыр. Тағы оқи отырыңыз: «Бізге Ресейдің керегі жоқ. Бізде бәрі күшті!» – Қазақстандағы орыс жастары (ВИДЕО)