Оңтүстік Корея президенті құрбысының кесірінен ел наразылығына ұшырады

Оңтүстік Корея президенті құрбысының кесірінен ел наразылығына ұшырады

Оңтүстік Корея президенті құрбысының кесірінен ел наразылығына ұшырады
ашық дереккөзі
Сеул көшелерінде 1,3 миллионға жуық адам бас көтерді. Олар Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хенің биліктен кетуін талап етуде. Акция ұйымдастырушыларының айтуынша, митингке 1500-ге жуық қоғамдық ұйымның өкілдері қатысқан. Көтерілісшілер Кванхвамун орталық алаңына жиналып, қаладағы президент резиденциясы – «Көгілдір үйдің» жанынан жүріп өткен. Қаладағы қоғамдық тәртіпті сақтауға 25 мыңнан астам құқыққорғаушылар жұмылдырылған. Бұл жыл басынан бері Сеулде ұйымдастырылған бесінші акция. Ел тұрғындарының наразылығына ел президентінің құрбысы қатысқан сыбайлас жемқорлық оқиғасы себеп болып отыр. Пак Кын Хенің ең жақын құрбысы –  Чхве Сун Силь өзінің сыбайластарымен бірге қызмет бабын асыра пайдаланып, бопсалаумен айналысқан. Іске қатысы бар азаматтар жауапқа тартылуда. Болжам бойынша, қылмыстық топ 50-ге жуық компаниядан ақша бопсалаған. Параның жалпы сомасы ондаған миллион долларға жеткен деп хабарлайды ТАСС.