Қазақстан алтын қоры жөнінен нешінші орында тұр?
Соңғы бір жылда Қазақстанның алтын қоры азайған. Бұл туралы LS сараптама агенттігі хабарлады деп жазды turkystan.kz.
Дүниежүзілдік алтын бойынша кеңестің ақпаратына сәйкес, биылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша еліміздегі қымбат металл көлемі 385 тоннаны құрайды. Ал жыл басында ол 407 тонна болған еді.
Қазақстан алтын қоры бойынша Түркия мен Португалияның ортасында, яғни 13-орында тұр. Алтын қоры бойынша АҚШ, Германия және Италия елдері көш басында.
Айта кетсек, қазір Comex биржасындағы қымбат металдың бір унциясы шамамен 2 мың долларға сатылып жатыр. Ұлттық банктің сайтында 1 грамм алтын 32 400 теңгеге бағаланған.