«Дипломат ең әуелі мемлекеттік тілді білуі тиіс» - Мәжіліс депутаты

«Дипломат ең әуелі мемлекеттік тілді білуі тиіс» - Мәжіліс депутаты

«Дипломат ең әуелі мемлекеттік тілді білуі тиіс» - Мәжіліс депутаты
ашық дереккөзі
Сыртқы істер министрлігінде өткен «Мемлекеттік тілдің халықаралық қатынастар саласындағы орны» атты дөңгелек үстелде Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы дипломаттар шет тілдерімен қатар, ең алдымен мемлекеттік тілді меңгеруі тиіс екенін атап өтті деп хабарлады turkystan.kz. Ол жиынға қатысқан Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінің басшылары мен СІМ құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілеріне Парламенттің бірқатар заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізгенін, осыған байланысты заң бойынша дипломаттардың мемлекеттік тілді білуі керектігін ескертті.