Алматылық отбасы Украинадан эвакуациялау кезінде кішкентайлы болды

Алматылық отбасы Украинадан эвакуациялау кезінде кішкентайлы болды

Алматылық отбасы Украинадан эвакуациялау кезінде кішкентайлы болды
ашық дереккөзі
Украинада жұмыс бабымен жүрген алматылық отбасы елге ұшақпен ұшып келе жатқан кезде ата-ана атанды. Олар 10 наурызда төртінші эвакуациялық рейспен Қазақстанға оралды деп жазды turkystan.kz Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап. Алматылық Бауыржан Игіліков соңғы 2 жылдан бері Киевте тұрып келген. Қазақстанға көшіру кезінде айы-күні жақындаған келіншегі дүниеге тұңғышын әкеліпті. Олар 8 жыл күткен баланың атын Батыр деп қойған.
«Келіншегім жолда келе жатып босанды. Хмельницк қаласындағы перзентхананың дәрігері босануға көмектесуге келісті. Біз оған дейін Киевтің «Адонец» деген клиникасымен келісімшарт жасасып қойған болатынбыз. Бірақ ол жерге телефон соққанымызда нысанға шабуыл жасалуы мүмкін деген соң кетіп қалдық. Ал келіншегім босанғаннан кейін сол клиникаға зымыран тигенін естідік. Құдай сақтап, кетіп қалғанымыз жақсы болыпты», - деді Бауыржан Игіліков.
Еске сала кетсек, кеше Украинадағы жерлестеріміздің төртінші легі ұшып келді. Польшадан қазақстандықтар мінген бұл рейсте 155 жолаушы болды. Оның жетеуі – бала. Сонымен, бүгінге дейін Қазақстанға 580-нен астам адам жеткізілді.