«Голливудтың киносын қарай береміз» - Абаев

«Голливудтың киносын қарай береміз» - Абаев

«Голливудтың киносын қарай береміз» - Абаев
ашық дереккөзі
Қазақстанда Голливудтың фильмдерін прокаттау мәселесі шешіледі деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев киноиндустрияны дамыту мәселелеріне арналған кеңесте айтты.
«Қазір шетелдік компаниялармен барлық қажетті келіссөздер болып жатыр. Атап айтқанда, Голливудтың үш студиясы - Universal Pictures, Warner Bros. және Paramount Pictures бұрын бекітілген кестеге сәйкес, көрерменге өз өнімдерін ұсынуды жалғастырады. Мәдениет және спорт министрлігі кинопрокатшылармен бірге Walt Disney Company және Sony компанияларымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Келісімдерге қол қоюға кедергі жоқ», - деді ол.