Қазақстанға LADA-лар келмейді

Қазақстанға LADA-лар келмейді

Қазақстанға LADA-лар келмейді
ашық дереккөзі
Ресей өкіметі жыл соңына дейін жаңа автокөліктерді елден шығармау туралы қаулы шығарды деп хабарлады turkystan.kz. Енді Қазақстанға Ресейден салондағы автокөліктер келмейді. Ресей билігі Батыстың санкцияларына байланысты осындай шешім қабылдады. Біздің елде соңғы екі жылда LADA көлігі жақсы сатылған еді. Мысалы, 2020 жылы көрші мемлекеттен 762,4 млн долларға автокөліктер мен олардың қосалқы бөлшектері келсе, былтыр Ресейдің 9 358  автокөлігі сатылды. Бұл көлікті сатумен «Азия-Авто» компаниясы айналысқан. Сол кезде LADA елімізде ең жақсы сатылатын машиналардың бестігіне кірген.