20 млрд теңге жымқырған басшыға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

20 млрд теңге жымқырған басшыға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

20 млрд теңге жымқырған басшыға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
ашық дереккөзі

«ӨКМ Операторы» ЖШС-нің бұрынғы бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды деп жазды turkystan.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «ӨКМ Операторы» ЖШС-нің бұрынғы бас директорына қатысты 2016-2021 жылдар аралығында көлік құралдарын кәдеге жаратудың жоғары құнын белгілеу арқылы кәсіпорынның 20 миллиард теңгеден астам қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Серіктестіктің бұрынғы бас директоры соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда», - делінген ведомство хабарламасында.
Айта кетсек, бұған дейін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен экология вице-министрі және «ӨКМ Операторы» ЖШС-нің басқарма төрағасы ұсталған болатын.