6 жасар қызды зорлаған ер адам өмірлік түрме жазасына кесілді

6 жасар қызды зорлаған ер адам өмірлік түрме жазасына кесілді

6 жасар қызды зорлаған ер адам өмірлік түрме жазасына кесілді
ашық дереккөзі
Қырғызстанның Ош облысында 6 жасар қызды зорлады деп айыпталған адамға қатысты жаңа сот үкімі шықты. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады деп жазды turkystan.kz. Прокуратура өкілдерінің мәліметінше, бұған дейін Қара-Суу ауданының А.Н. есімді тұрғыны жасаған қылмысы үшін 20 жылға сотталған. Бірақ прокуратура бұл жаза мерзімін ауыр қылмысқа сай емес деп есептеп, Ош облысының сотына арызданды. Сөйтіп, қылмыскер енді өмір бойы темір тордың арғы жағында отыратын болды. Бас прокуратураның хабарлауынша, 2020 жылы республикада кәмелет жасына толмаған балаларға қатысты жасалған 1101 қылмыстық іс тіркелген. Солардың 150-нің сексуалдық сипаты бар. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларға зорлық көрсеткен 57 адам ұсталған. Олардың қаншасы сотталғаны туралы мәлімет жоқ.