Жаңарған партия ғана бәсекеге қабілетті

Жаңарған партия ғана бәсекеге қабілетті

Жаңарған партия ғана бәсекеге қабілетті
ашық дереккөзі
Осыдан 23 жыл бұрын 1 наурыз күні партияның алғашқы құрылтай Съезі өткен. Сондықтан ХХІІ съездің биыл да дәл осы күні ұйымдастырылуы - партия тарихында алтын әріппен жазылары сөзсіз. Онлайн форматта өткен саяси маңызы зор тарихи шараға Сыр өңірінен делегат болып мен де қатыстым. Жиында Партия Төрағасының 28 қаңтардағы съезде берген тапсырмасы аясында дайындалған бағдарлама талқыланды. Сондай-ақ делегаттар тарапынан саяси ұйымды жаңғыртуға бағытталған барлық ұсыныстар бірауыздан мақұлданды. Атап өту керек, Мемлекет басшысы съезде сөйлеген сөзінде саяси элитаны ғана емес, бүкіл халықты жұдырықтай жұмылуға шақырды. Алайда, бұл сөз оның төңірегінде емес, «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасы аясында топтасуды білдіреді. Ал бұл тұжырымдаманың негізгі бағыттарының бірі – жаңартылған партия болмақ. Осы орайда, дайындалған партияның қайта жаңғырту бағдарламасы халықтың сұранысына сай адалдық пен әділдікке, тиімділік пен жауапкершілікке, жеделдік пен ашықтыққа негізделген. Бұл тұжырымдар Қайта жаңғырту бағдарламасын әзірлеу аясында ішкі жұмысты, сараптамалық және әлеуметтік зерттеулерді бағалау және қайта қарау, БАҚ және әлеуметтік желілер мониторингі, қоғамдық қабылдаулар барысындағы өтініштерді талдау, саяси қарсыластар мен бәсекелестердің сын-ескертпелері ескеріле отырып, соның негізінде жасалды. Бір сөзбен айтқанда, қайта жаңғырту бағдарламасының басты мақсаты – партияны жаңа саяси бағытқа бейімдеу, заман ағымына ілесіп, уақыт сынына жауап бере алатын саяси күш болып қалу. Жиында Парламент Мәжілісіндегі Nur Otan партиясы фракциясының Төрағасы Ерлан Қошанов партия атауын AMANAT деп өзгерту туралы ұсыныс білдірді. Мемлекет басшысы, Партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл ұсынысқа қолдау білдірді, партияның жаңа атауын съезд делегаттары да бірауыздан қолдады. Осыған орай партияның Жарғысына тиісті өзгерістер енгізіліп, жаңа атауы мен белгісі бекітілді. Бұл – Жаңа Қазақстанды құру жолында жаңарған партиямызға берілген айрықша жауапкершілік пен көрсетілген зор сенім деп білеміз. Жаңарған партия ірі қоғамдық-саяси институт ретінде өз жұмысын жалғастырып, Қазақстан тарихында ел дамуына, демократияландыру жұмыстарына атсалысатын болады. Жаңа Қазақстанда жұмыс форматы мен идеологиясы жаңарған партия ғана бәсекеге қабілетті бола алады. Жаңа төрағаның жаңа Қазақстан құру жөніндегі реформасына баршамыз атсалысып, партияны модернизациялаудағы 7 басымдықты жүзеге асыруға бірлесе атсалысайық.

Аманбай ЕРХАТОВ, AMANAT партиясы Саяси кеңесінің мүшесі