Қырғыз-тәжік шекарасында тағы да атыс болды
Қырғыз-тәжік шекарасында тағы да атыс болды
Қырғызстан-Тәжікстан шекарашыларының арасында тағы да атыс болды деп хабарлады turkystan.kz 24.kg-ге сілтеме жасап.
Қырғыз шекара қызметінің мәліметінше, Баткен облысындағы Тескей деп аталатын жерде Тәжікстан шекарашылары бұған дейінгі белгіленген қозғалыс бағытын өзгертіп, шекараны күзетудің жаңа межесіне өтіп, Қырғызстан шекарашыларынан учаскені босатуды талап еткен. Кейін тәжік әскери қызметкерлеріне қосымша күш келген.
«Тәжікстанның шекарашылары сан жағынан басымдығын пайдаланып, жаңа межеге өтуге талпынды. Алайда қырғыз шекарашылары Тәжікстанның әскери қызметшілеріне өз ниеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік бермеді. Салдарынан атыс басталып, шамамен 10 минутқа созылды. Атыс салдарынан қырғыз тарапынан жараланғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп мәлімдеді Қырғызстан шекара қызметінен.
Басылымның жазуынша, Тескей - мәртебесі анықталмаған аймақ. Бірақ ол жерді негізінен Қырғызстан азаматтары пайдаланады. Қазір Баткен облысында орналасқан шекара бөлімшелері күшейтілген қызмет түріне көшкен.