Шымкентте тастанды сәби табылды

Шымкентте тастанды сәби табылды

Шымкентте тастанды сәби табылды
ашық дереккөзі
Шымкент қаласының бас дәрігері Бақытжан Позилов Instagram-дағы парақшасында қала көшелерінің бірінен тастанды бала табылғанын жазды деп хабарлады turkystan.kz.
«Тұрар Рысқұлов көшесінде орналасқан жедел жәрдем колл орталығы жанынан тастанды нәресте табылды. Сәбиді сол маңдағы адамдар көріп қалып, колл орталыққа алып келген», - делінген жазбада.
Оның мәліметінше, өте ауыр жағдайдағы нәрестеге жедел жәрдем диспетчерлері алғашқы медициналық көмек көрсетіп, аман алып қалды. Шақалақ ауруханаға жеткізілді. Ұл бала, салмағы 3 келі. Туғанына шамамен екі тәулік болған.