«Мәсімовті бостандыққа шығару керек» - жақтастары

«Мәсімовті бостандыққа шығару керек» - жақтастары

«Мәсімовті бостандыққа шығару керек» - жақтастары
ашық дереккөзі
Кәрім Мәсімовтің қолдау көрсету тобы қамау мерзімін ұзарту туралы сот болмаса, оны бостандыққа шығару керек екенін айтты деп жазды turkystan.kz.
«Мәсімовтің ҰҚК-нің тергеу изоляторында екені ғана белгілі. Оның құқықтық жағдайы туралы мәлімет жоқ. Қамау мерзімін ұзарту үшін сот болды ма, әлде ондай сот болмады ма? Бұдан халық бейхабар. Барлық ақпарат құпия», - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, ол 6 қаңтарда мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұсталған болатын. Бір аптадан кейін екі орынбасары Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин ұсталды. Оларға билікті күштеп тартып алуға тырысты және лауазымын асыра пайдаланды деген айыптар тағылып отыр. 27 қаңтарда Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасары Әнуар Садықұловтың қылмыстық іс материалдары «өте құпия» санатына жатқызылды.