Ақтөбе облысының бас экологі пара алды деген күдікке ілінді

Ақтөбе облысының бас экологі пара алды деген күдікке ілінді

Ақтөбе облысының бас экологі пара алды деген күдікке ілінді
ашық дереккөзі
Ақтөбе облыстық Экология басқармасының басшысы Нұржан Аққұлға қатысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлады turkystan.kz. Ақтөбе облыстық Экология басқармасының басшысы Нұржан Аққұл кәсіпкерден 400 мың теңге көлемінде пара алған.
«Нұржан Аққұлға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Былтырғы желтоқсанда ол кәсіпкерден 400 мың теңге бопсалаған. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол өз кінәсін мойындады. Ақтөбе облыстық Экология департаменті тікелей министрлікке бағынады. Сондықтан облыс әкімінің орынбасарларынан ешкім жауапкершілікке тартылмайды», - деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров.
Нұржан Аққұл 2014-2020 жылдар аралығында Ақтөбе облыстық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасын басқарып, 2020 жылдың сәуір айынан бастап облыстық Экология департаментінің басшысы қызметін атқарып келген. Тағы оқи отырыңыз: «Жағдай өте қиын» – Ұлттық банк төрағасы