БАҚ: Ердоған Назарбаевты не үшін форумға шақырды?

БАҚ: Ердоған Назарбаевты не үшін форумға шақырды?

БАҚ: Ердоған Назарбаевты не үшін форумға шақырды?
ашық дереккөзі
Бүгін Түркияның Анталия қаласында ашылатын дипломатиялық форумның аясында шет елдің мемлекет және қоғам қайраткерлерінің кездесулері болады деп хабарлады turkystan.kz. Осы форумға Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоғанның шақыртуымен Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та келіп отыр. Онда халықаралық жағдайға байланысты бірнеше өзекті проблемалар талқыланбақ. Соның ішінде Украинадағы соғысты тоқтату мәселесі қаралады. Осыған байланысты Түркияның басшысы Ердоған Ресей Президенті Путинді соғысты тоқтатуға көндіру үшін Назарбаевпен сөйлескісі келген шығар деседі сарапшылар. Назарбаев пен Путин - бұрыннан бір-бірімен сыйласып келе жатқан саясаткерлер. Ердоған Назарбаев арқылы Ресей басшысының көңілін тауып, оны Зеленскиймен кездесуге көндіріп, Украинадағы соғысты тоқтата алса, Анталия форумының тарихта қалатыны сөзсіз. Тағы оқи отырыңыз: «Ақсақалдар араласпай іс бітер ме?!»: Мұхамеджан Тазабек Елбасы сапарының сырына үңілді