Жаңалықтар

«Отбасы банкі» екінші деңгейлі банктер жүйесінен шығарылады

ашық дереккөзі

«Отбасы банкі» екінші деңгейлі банктер жүйесінен шығарылады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев еліміздің тұрғын үй саясатын жетілдіру аясында «Отбасы банкі» АҚ мәртебесі өзгеретінін мәлімдеді деп жазды turkystan.kz. «Бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында «Отбасы Банкі» АҚ заң жобасы аясында ұлттық даму институты болып қайта құрылады. Оның ендігі негізгі міндеті – республика бойынша азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша тұрғын үй қатынастарын дамыту. Осыған байланысты ол екінші деңгейдегі банктер жүйесінен шығарылып, оған тұрғын үйді есепке алуды, қоюды және бөлуді орталықтандырып, жүзеге асыратын ұлттық даму институты мәртебесін беру көзделіп отыр», - дейді Еркебұлан Дауылбаев. «Отбасы банкі» депозиттерді қабылдау, заңды және жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу, кассалық операциялар, банктік қарыз операциялары, салымшыларға тұрғын үй аралық және алдын ала тұрғын үй қарыздарын беру сияқты операцияларды жүзеге асырады. Енді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Отбасы банкін» заң аясында қадағаламайды.