200 млн еуролық келісім

200 млн еуролық келісім

200 млн еуролық келісім
ашық дереккөзі
Парижде өтіп жатқан ЭӘДҰ (Экономикалық әріптестік және даму ұйымы) Еуразия апталығы аясында Еуропа Инвестициялық Банкі мен «Даму» Қоры 200 млн еуролық келісімге қол қойды.  Еуропа инвестициялық банкінің (ЕИБ) несие желісі «Даму» Қорына оның Акционері - «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ кепілдігімен 3 жылға берілді. Шағын және орта бизнеске қаражат екінші деңгейлі банктер арқылы ұлттық валюта – теңгемен беріледі. Бұл - кәсіпкерлер мен банктерді валюталық тәуекелден арылтады. ЕИБ қаражаты климат өзгеруінен болған өзгерістерді оңалту, электр қуатын тиімді пайдалану, энерготиімділікті арттыру, қоршаған ортаны қорғау секілді көптеген «жасыл жобаларға» бөлінеді. Шағын және орта бизнесті қаржыландырудың негізгі талаптары: 1. Несиенің сыйақы мөлшерлемесі жылына 14,58 % айналасында; 2. Борышкердің қолына 1,85 млрд теңгеге дейін тиеді; 3. Несиенің мақсаты – инвестициялар, айналым қаражатын толықтыру, инвестициялық қарыздарды қайта қаржыландыру; 4. Инвестициялық қарыздарға 36 айға дейін, банктік қарызды 120 айға дейін созу мүмкіндігімен; айналым қаражатын толықтыру 24 айдан кем емес, бірақ 36 айдан аспайтын мерзімге; 5. Салалық шектеумен; 6. Теңгелей. «Бүгін біздің ел «жасыл экономикаға» көшу үшін белсенді түрде инвестиция тартуда. Әріптесіміз Еуропа Инвестициялық Банкімен бірге «Даму» Қоры тұңғыш рет «жасыл» жобаларды қаржыландыруды бастайды. Біздің акционеріміз «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің кепілдігімен тартылған 200 млн еуро энеготиімділік пен қуат көздерін үнемдеуге бағытталған шағын және орта кәсіпкерлік жобаларының ашылуына серпін беріп, осы сала мен жалпы экономикаға стратегиялық инвесторлар тартуға сеп болмақ. Несиені босататын екінші деңгейлі банктер ШОБ жобалары қорын құрады. Сөйтіп қаражат бірнеше траншпен, нақты жобаларға бөлінеді», - деді «Даму» Қорының Басқарма төрағасы Қаныш Тулеушин. Алдын-ала бағамдар бойынша осы жолғы бағдарлама бойынша берілген несиелер сомасы 103,4 млрд теңгені құрап, 500 кәсіпкер «жасыл» жобаларына қаржы алады. Олар 1 мың жаңа жұмыс орындарын ашып, 87,5 млрд теңге салық төлейді деп көзделген.