Оралда 8 наурыз күні қансыраған 2 әйел табылды

Оралда 8 наурыз күні қансыраған 2 әйел табылды

Оралда 8 наурыз күні қансыраған 2 әйел табылды
ашық дереккөзі
Батыс Қазақстан облысының полицейлері екі әйелді аяусыз соққыға жыққан оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын бастады. Қазір күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды деп хабарлады turkystan.kz. Жантүршігерлік кадрлар әлеуметтік желіде тараған. Интернетте әйелдердің жерасты өткелінде орналасқан дәмханада соққыға жығылғаны айтылған. Полиция бастапқыда бұл фотосуреттердің жалған екенін мәлімдеген, бірақ біраз уақыттан кейін олар оқиғаға байланысты түсініктеме берді. 8 наурыз
«8 наурыз күні таңғы сағат бестер шамасында Абай даңғылындағы «Андерграунд» кафесінде белгісіз біреу бұзақылық ниетпен екі әйелге дене жарақатын салған. Дәрігерлер тексергеннен кейін зардап шеккендер қалалық көпсалалы ауруханаға жатқызылды. Күдікті ретінде 2000 жылы туған ер адам анықталып, қамауға алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» деп жазылған БҚО ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы 32 жастағы зардап шегушінің жабық бассүйек-ми жарақаты диагнозымен қалалық көпсалалы аурухананың нейрохирургия бөлімінде жатқанын растады. Оның жағдайы орташа ауыр. 34 жастағы зардап шегуші сол күні медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық емдеуге жіберілген. Тағы оқи отырыңыз: Алматылық діндар жігіт әйелі мен балаларын дәрігерге барғаны үшін сабаған