«Жағдай өте қиын» – Ұлттық банк төрағасы

«Жағдай өте қиын» – Ұлттық банк төрағасы

«Жағдай өте қиын» – Ұлттық банк төрағасы
ашық дереккөзі
Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов аса күрделі геосаяси ахуал жағдайында қаржылық және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады деп хабарлады turkystan.kz.
«Жағдай өте қиын, белгісіздік деңгейі де орасан. Сыртқы секторда ең жағымсыз қауіп-қатерлер мен геосаяси тұрғыда тәуекелдер пайда болды. Біз үкіметтердің, орталық банктердің, қаржы және басқа да ұйымдардың Ресей Федерациясына қарсы санкцияларға қатысты мәлімдемелерін бақылап, осы санкциялардың Қазақстанға қалай әсер ететінін бағалап отырмыз», - деді Ғалымжан Пірматов.
Сондай-ақ ол Қазақстанда қаржы және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтынын айтты. Тағы оқи отырыңыз: Ұлттық банк пен «Қазақстан қор биржасы» бірлескен мәлімдеме жасады