Жаңалықтар

«Абу-Даби Плаза» ғимаратында өрт шықты (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

«Абу-Даби Плаза» ғимаратында өрт шықты (ВИДЕО)

10 наурызда, сағат 14:57-де Өрт сөндіру қызметінің «101» пультіне Сығанақ 60/5 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті деп хабарлады turkystan.kz Нұр-Сұлтан қаласындағы ТЖД-ға сілтеме жасап. Оқиға орнына Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері 4 минутта келіп жетті. Олар ғимараттың 1-қабатында желдеткіш камерасының өртенгенін анықтаған. «Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрт сөндірушілер келіп жеткенге дейін қызметкерлер мен келушілер өз бетінше эвакуацияланған» деп жазылған хабарламада. Өрт шыққан жерде 16  техника мен жеке құрамның 61 адамы жұмыс істеп жатыр. Жалын сағат 15:24-те сөндірілді.