Жаңалықтар

Ресейде тұратын Арман Дәулетияровтың анасы 85 жасын тойлаудан бас тартты

ашық дереккөзі

Ресейде тұратын Арман Дәулетияровтың анасы 85 жасын тойлаудан бас тартты

Ресейдің танымал «Муз-ТВ» арнасында бас директор болып қызмет еткен Арман Дәулетияровтың анасы Украинада адамдар өліп жатқанда туған күнін атап өтпейтінін айтты деп жазды turkystan.kz. «Украинада соғыс болып жатыр. Ауру көп. Айнала қайғырып жатырмыз. Кісілер де үлгермейді. Осындай сәтте мейрамханада тойлап не істеймін? Өзім ұзақ отыра да алмаймын. Кішкене отырсам ауырып қаламын. Одан да үйде отырайық. 75 жасымды әдемі өткізіп бердің. 80 жасым да ескеурсіз қалған жоқ. Саған көп рахмет, балам», - деді қария. Ресей шоу-бизнесінің белді өкілі анасының 85 жасын ет асып, шағын ғана атап өтетіндерін жазды. Бізді қызықтырғаны, бір жайт бар. Оны Арман Дәулетияровтың екі күн бұрын жариялған жазбасынан аңғардық. «Кеше Ресей Федерациясының Паралимпиада құрамасы Мәскеуге келді. Жылдар бойы дайындалған олар ойындардан әділетсіз шеттетілді. Мен, барлық ресейліктер сияқты, біздің спортшыларды қолдаймын, оларға құрметімді білдіремін және үнсіз қала алмаймын!» деп жазылған әлеуметтік желідегі жазбада. Оның ойынша, Ресей әскерінің «Украинадағы әскери операциясына» байланысты жасалып жатқан шектеулер әділетсіз екен. «Мен – ресейлік қазақпын! Орынбор облысында туып-өстім. Мен ресейлікпін және оны мақтан тұтамын! Осы қиын-қыстау заманда, әрине, еліммен біргемін. Өйткені, мен Ресейді жақсы көремін!» - деді Арман Дәулетияров. Осылай деген ол Украина жерінде болып жатқан жағдайға біржақты пікір білдірді. Ал анасы өз көзқарасын іспен көрсетіп отыр. Тағы оқи отырыңыз: «Мәтінін кім жазған мынаның?»: Қайрат Нұртастың жаңа әні жұртқа ұнамады (ВИДЕО)