Мектеп оқушылары мамырдан бастап қоғамдық көлікте тегін жүреді

Мектеп оқушылары мамырдан бастап қоғамдық көлікте тегін жүреді

Мектеп оқушылары мамырдан бастап қоғамдық көлікте тегін жүреді
ашық дереккөзі
Осындай бастама Павлодар облысын дамытудың іс-қимыл бағдарламасына енді деп жазды turkystan.kz. Өңір тұрғындарының талап-тілектері негізінде дайындалған бағдарламада Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларындағы мектептерде оқитын 1-11-сынып оқушыларының автобус, шағын автобус және трамвайларда тегін жүру мүмкіндігі қарастырылған. Павлодар облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қанат Қашкировтің айтуынша, бұл мақсатқа облыстық бюджеттен жыл соңына дейін 679 миллион теңге бөлінген. Демек, балалардың жолақысын енді мемлекеттің өзі өтейді. Қазір тиісті құжаттарға өзгерістер енгізілуде. Бұған дейін 7-15 жас аралығындағы балалар жолақысының жартысын, яғни 40 теңге төлеп келген болатын. 15 жастан асқан соң оларға 80 теңге төлеуге міндеттелді. Ал мамыр айынан бастап балалар мектеп бітіргенге дейін қоғамдық көліктерде тегін қатынайтын болды. Тек ол үшін «Avtobys» көлік картасын алып жүруі тиіс. Оны валидаторға тигізсе болғаны.