Жаңалықтар

«Мені сағындыңыздар ма?»: Трамп бензин бағасына қатысты пікір білдірді

ашық дереккөзі

«Мені сағындыңыздар ма?»: Трамп бензин бағасына қатысты пікір білдірді

АҚШ-тың бұрынғы Президенті Дональд Трамп елдегі бензин бағасының рекордтық көтерілуіне қатысты пікір білдірді деп жазды turkystan.kz РИА Новостиге сілтеме жасап. «Шұғыл жаңалық: бензиннің бағасы тарихтағы ең жоғары көрсеткішке жетті! Сіздер мені сағындыңыздар ма?» деп жазды Twitter-де АҚШ-тың экс-президенті. Джо Байден Ресейге санкциялар салып, мұнайды импорттауға тыйым салғалы бері АҚШ-тағы бензиннің бағасы тарихи максимумнан өтті. Сөйтіп, бір галлон (3,79 литр) үшін 4,17 долларға жеткен болатын. Бір қызығы, Доналдь Трамп 2020 жылғы президенттік сайлау науқаны кезінде Джо Байден жеңіске жеткен жағдайда елде бензин бағасының өсетінін болжаған болатын. «Сіз қазір бензин үшін қанша төлейсіз? Бір галлон үшін 2 доллар ма? Бұл - қалыпты жағдай. Джо Байден президенттікке келген кезде сіздер әр галлон үшін 7, 8, тіпті, 9 доллар төлейтін боласыздар», - деген еді сол кезде Доналдь Трамп. Еске сала кетсек, бұл елдегі антирекорд 2008 жылдың шілдесінде тіркелген-ді. Сол жылы американдық жанармай құю бекеттеріндегі бензин бағасы бір галлон үшін 4,11 долларға жетті. Ал былтыр бензиннің әр галлоны 2,7 доллардан саудаланған.