Қызылорда облысында шенеунік жұмыстан босатылды

Қызылорда облысында шенеунік жұмыстан босатылды

Қызылорда облысында шенеунік жұмыстан босатылды
ашық дереккөзі
Қызылорда облысында тендер жеңімпазынан пара сұраған мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы жазаланды деп жазды turkystan.kz.
«Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың өкімімен мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтарға жол бергені үшін Қызылорда облысы мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы қызметінен босатылды», - деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыс бойынша департаментінің баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, басқарма басшысына қатысты тәртіптік іс 25 ақпанда облыстық Әдеп жөніндегі кеңесте қаралған болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері жедел тергеу аясында басқарма басшысының конкурс жеңімпазынан тапсырыстың 2 пайызын ақшалай алуды жоспарлағанын анықтады. Мемлекеттік қызметке кір келтіргені үшін жұмыстан шығарылған экс-шенеунік бұдан былай мемлекеттік қызметте, сондай-ақ құқық қорғау органдарында жұмыс істей алмайды.