Жаңалықтар

Ресей мен Украина сыртқы істер министрлерінің кездесуі басталды

ашық дереккөзі

Ресей мен Украина сыртқы істер министрлерінің кездесуі басталды

Түркияның Анталья қаласында Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Украинаның сыртқы істер ведомствосының басшысы Дмитрий Кулебаның кездесуі басталды деп хабарлады turkystan.kz. Кездесуде Украинаның министрі әріптесіне өз елінің талаптарын қойып үлгерді. «Біріншіден, біз атыстарды тоқтатуды, екіншіден, Мариуполь, Харьков, Сумы, Волновах пен басқа да қалаларда гуманитарлық жағдайды жақсартуды, Украина елінен Ресейдің қарулы күштерін шығаруды талап етеміз», - деді ол.