Алдағы үш жылда Қазақстанда 2 млн жаңа жұмыс орны құрылады

Алдағы үш жылда Қазақстанда 2 млн жаңа жұмыс орны құрылады

Алдағы үш жылда Қазақстанда 2 млн жаңа жұмыс орны құрылады
ашық дереккөзі
2025 жылға дейін 2 миллион жаңа жұмыс орны құрылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов хабарлады деп жазды turkystan.kz.
«Халық табысын арттыру жөніндегі 2025 жылға дейінгі бағдарлама аясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа жұмыс орындарын құру, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, еңбек ресурстарының дағдыларын жетілдіру және жастарды кәсіптік бағдарлау бойынша үш негізгі бағытта жұмыстар жүргізетін болады. Бұл шаралар күнкөріс деңгейінен төмен табыс табатын халықтың үлесі мен жұмыссыздық көлемін азайтып, 2025 жылға дейін 2 миллиондай жаңа жұмыс орындарын құруды көздейді», - деді Серік Шәпкенов.
Министрдің айтуынша, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қатысуымен барлығы 33 іс-шара жоспарланған. Оның 16-сын министрлік тікелей жүзеге асырады.