Украин халқына аңшылық қарумен де қорғануға рұқсат берілді

Украин халқына аңшылық қарумен де қорғануға рұқсат берілді

Украин халқына аңшылық қарумен де қорғануға рұқсат берілді
ашық дереккөзі
Владимир Зеленский Украина халқының барлығына әскери жағдай кезінде қару қолдануға рұқсат берді. Заңға қол қойылды деп хабарлады turkystan.kz Жоғарғы Рада сайтына сілтеме жасап. Енді жауға аңшылық, спорттық қарулармен де тойтарыс беруге болады.
«Соғыс жағдайы кезінде Украина азаматтары наградаға алған қаруын, спорттық қаруын (тапаншалар, револьверлер, винтовкалар, тегіс ұңғылы мылтықтар), аңшы мылтықтары, тегіс ұңғылы немесе құрамалы қаруын, сондай-ақ оған арналған оқ-дәрілерді пайдалана отырып, қорғана алады», - делінген құжатта.