Жаңалықтар

Зюгановтың арандатуына Қазақстан тарапынан наразылық болмайды

ашық дереккөзі

Зюгановтың арандатуына Қазақстан тарапынан наразылық болмайды

Премьер-министрдің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстан Ресей Коммунистік партиясының төрағасы, Мемлекеттік думаның депутаты Геннадий Зюгановтың еліміздің солтүстік аймақтары туралы мәлімдемесіне наразылық білдірмейтінін айтты деп хабарлады turkystan.kz. «Қазақстан жағынан ешқандай ресми наразылық болмайды. Өйткені, Зюгановтың мәлімдемесі Ресей билігінің көзқарасын білдірмейді. Ол билік партиясына қарсы оппозициялық партияның жетекшісі ғана. Ал, оппозиция дегеніміз, билікке қарсы шығып, өз ойларын айта береді», - деді М.Тілеуберді. Сонымен бірге ол Зюгановтың арандатуы Ресейдегі федералдық арналардың ешқайсысында көрсетілмегенін, бүгінде екі елдің арасындағы шекара мәселесі толығымен шешілгенін, оған мысал ретінде Қазақстан Президентінің Мәскеуге соңғы сапарында Ресей билігінің мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен тұтастығын мойындайтынын мәлімдегенін айтты.