ДДСҰ Еуропада коронавирустың жаңа штаммы пайда болғанын растады

ДДСҰ Еуропада коронавирустың жаңа штаммы пайда болғанын растады

ДДСҰ Еуропада коронавирустың жаңа штаммы пайда болғанын растады
ашық дереккөзі
Еуропада коронавирус инфекциясының жаңа штаммы – «Дельтакрон» анықталды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жетекші эпидемиологтары мәлімдеді деп жазды turkystan.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
«ДДСҰ «Дельтакрон» штаммы Францияда, Нидерландыда және Данияда анықталғанын растайды. Бірақ инфекцияның жұққыштығы өте төмен. Жаңа штамм «Дельта» AY.4» және «Омикрон» BA.1/BA.2» штаммы тармақтарының қосындысынан пайда болды», - деді төтенше аурулар бөлімшесі техникалық тобының басшысы Мария ван Керкхове ДДСҰ брифингінде.
Айта кетсек, Кипр университетінің ғалымдары қаңтар айының басында COVID-19 жаңа штаммы – «Дельта» және «Омикрон» гибридінің табылғаны туралы хабарлаған болатын. Сол кезде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл қате нәтиже болуы мүмкін екенін мәлімдеп, «Дельтакрон» атауын қолданбауды ұсынған еді. Айта кетсек, 2022 жылдың 10 наурызындағы жағдай бойынша әлемде 451 742 796 адам коронавируспен ауырған.