Ақтөбеде әдеби журнал жарық көрді
Ақтөбеде әдеби журнал жарық көрді
Белгілі публицист Мейірхан Ақдәулетұлы бас редакторлық ететін "Адырна" республикалық әдеби журналының шығуына Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың өзі қолдау көрсеткен.
Әзірге журнал 2000 данамен, 240 бет болып жарық көрді. Алғашқы нөмірде Дулат Исабековтің сұхбаты, Серік Ақсұңқарұлы, Ертай Ашықбаев, Әділ Ботпанов, Жанна Елеусіз сынды ақындардың өлеңдері, Светқали Нұржанның «Хан кегі» атты поэмасынан үзінді, Құдияр Біләл мен Аягүл Мантайдың әңгімелері, Таласбек Әсемқұловтың, Мақсат Тәж-Мұраттың, Жұбаназар Асановтың, Бауыржан Бабажанұлының мақалалары енген. Сонымен бірге, Андрей Вознесенский мен Хуан Рамон Хименестің аударма өлеңдері жарияланды.
Журналдың тұсаукесері 2016 жылы 29 қарашада, 15.00-де Алматыдағы Жазушылар одағының ғимаратында өтеді.