«Құнсызданып барамыз-ау...»: Наймантаев OLX-тен табылған көне домбыраны көрсетті

«Құнсызданып барамыз-ау...»: Наймантаев OLX-тен табылған көне домбыраны көрсетті

«Құнсызданып барамыз-ау...»: Наймантаев OLX-тен табылған көне домбыраны көрсетті
ашық дереккөзі
Белгілі сықақшы Асқар Наймантаев әлеуметтік желіде көне домбыраның өте арзанға сатылғаны туралы айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Шебердің қолынан ойылып жасалған мына домбыраны бір пақыр OLX-та 7 мың теңгеге сатпақ болыпты. Абырой болғанда, домбыраның қасиетін білетін бір азамат көріп, қайтер екен деп саудаласса керек. Ал сатушы бағаны 5 мыңға түсіріпті. Сөйтіп, сатып алған екен... Қолға ұстап, шертіп көрдім, күмбірлеп, күңіреніп тұр!» - деді әртіс.

Асқар Әбдіғалымұлы жәдігердің қажетсіз болып қалғанына қынжылды.

«Әкеден қалған дүние шығар... Балалары домбыра тарта алмайтын болған соң осылай тиынмен бағаланып кете береді. Құнсызданып барамыз-ау...», - деді Асқар Наймантаев.
Тағы оқи отырыңыз: «Перзентханаға шабуыл жасалды» – Украина Президенті (ВИДЕО)