Әділ сайлау – адал әкім

Әділ сайлау – адал әкім

Әділ сайлау – адал әкім
ашық дереккөзі

6 наурыз күні Мемлекет басшысы әкімдердің қызметіне қатысты құжатқа қол қойды. Әкімдердің халықпен кездесуін өткізу туралы Жарлық арқылы олардың халыққа есеп беру тәртібі жіті реттелмек.

Әкімдер бірінің орнына бірі келіп, ауысып жатады. Немесе бір орында бірнеше жылдап отыратындары да бар. Бірақ қордаланған мәселелер шешілмеген күйі қала береді. Содан да болар, жүйесіздік пен дұрыс ұйымдастырылмаған жұмыстың себебімен емес, салдарымен күресуге тура келеді. Ал оның салдары жеңіл бола бермейтіні белгілі.

Енді аудан әкімдері сайланады Соңғы уақытта әкімдердің жұмы­сына қатысты мә­се­лелерге барынша назар ау­дары­ла бастады. Мәселен, Мемлекет бас­шысы 2021 жылғы ма­мыр­дың соңында сайлау заң­на­масына енгізілген түзетулерге қол қойды. Құжатқа сәйкес, ау­­­дандық маңызы бар қалалар­дың, кенттердің, ауылдардың жә­не ауылдық округтердің әкім­дері тікелей сайлау арқылы сай­ланатын болады. Негізі, жергілікті әкім­дер­ді сайлау тәжірибесі елі­­міз­де 2013 жылы қолданысқа ен­гізілген. 2013 және 2017 жыл­дары елдегі 2 500-ге жуық әкім­нің 1 416-сы жанама түрде сай­ланған. Яғни, әкімдерді ті­келей тұрғындар емес, мәслихат де­путаттары сайлады. Оның үстіне, бұған дейін әкімдікке кандидаттарды одан жоғары тұрған әкімдер, яғни аудан әкім­дері ұсынатын еді. Айналып кел­генде сайланды деген аты бол­маса, іс жүзінде мұндай сай­лаудың тағайындаудан айыр­ма­шылығы шамалы еді. Осының бәрін ескерген саяси сарапшы­лар сол кездегі әкімдердің сай­лауын «демократияның де­кора­циясы» деп атаған. Президент сайлаудың өз­­­­геше болатынын, яғ­ни тұрғындар әкімді тікелей және төте дауыс беру арқылы сай­­лайтынын атап өтті. VІІ ша­қыры­лымдағы Парламент Мә­жі­лісінің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев: «Биыл ауылдық округ­терде сайлау өтеді. Біз жер­гілікті өзін-өзі басқару жүйе­сін ең төменнен бастап ны­ғайтуды көздеп отырмыз. Бұл – өте маңызды мәселе. Сон­дық­тан алдағы уақытта ауыл әкімдерін сайлағаннан кейін аудан әкімдерін сайлауға көшуге болады» деген еді. Шілде айында ауыл әкім­дерін сайлау өтті. Ел тарихында мұндай сайлау бірін­ші рет ұйымдастырылып, жалпы алғанда 730-дан астам елді мекеннің әкімдері сайлан­ды. Әрине, сайлаудың жо­ғары деңгейі мен саяси бә­секенің сапасы туралы айту әлі ертерек. Бірақ «көш жүре тү­зеледі» деген сөзді де қаперге ал­ған артық етпейді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Аmanat» партиясының кезек­тен тыс XXII съезінде енді елі­міз­де аудан әкімдері сайлана бас­тайтынын мәлімдеді. – Жақын уақытта біз аудан әкім­дерін тікелей сайлауға кө­шеміз. Бұл туралы мен өзімнің Жол­дауымда айтамын. Аудан әкім­дерін сайлауды кейінге ше­герудің қажеті жоқ деп ой­лай­мын. Процесті жылдам­дату ке­рек. Сондықтан біздің пар­тия­мыз­дың қарқынды бәсеңдетуге құқығы жоқ. Алдымызда аза­мат­тардың қолдауына ие бол­ған лайықты кандидаттарды ұсына отырып, осы сайлау нау­қан­дарына белсене қатысу мін­деті тұр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Халықпен кездесу жанданбақ Қабылданған Жарлықта Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі әкімдердің жыл бойы ха­лықпен кездесулер өткізуін, олар­дың барысында халықты тол­ғандыратын әлеуметтік мә­селелерге баса назар аудара оты­рып, Қазақстанды жаң­ғыр­тудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етуін және проблемалық мә­се­лелерді шешудің жолдары мен мер­зімдерін түсіндіруін мін­дет­теді. Сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкім­дері жыл сайын 15 қаңтарға дейін мынадай міндеттерді орын­дауға тиіс: жарты жылда бір рет облыс әкімінің әр аудан­да және облыстық маңызы бар әр қалада кемінде бір көшпелі кез­десуін; республикалық маңы­­зы бар қала, астана әкімі­нің қаланың әр ауданында тоқ­сан сайын кемінде бір көшпелі кездесуін; аудан әкімінің әр ауыл­да, кентте, ауылдық округ­те, аудандық маңызы бар қалада тоқ­сан сайын кемінде бір көш­пелі кездесуін; облыстық және аудандық маңызы бар қала, ауыл­дық округ әкімінің қала­ның, ауылдық округтің құра­мы­на кіретін әр ауданда (шағы­нау­данда), ауылда, кентте тоқсан сайын кемінде бір көшпелі кездесуін; ауыл, кент, қаладағы аудан әкімінің тоқсан сайын кемінде бір кездесуін өткізу көзделген әкімдердің халықпен кездесулерінің икемді жылдық күн­тізбесін (бұдан әрі – күн­тіз­бе) әзірлеп, оны мәслихатпен ке­лісу бойынша бекітіп отыруы керек. Қажет болған жағдайда күн­тізбені мәслихатпен келісу бойынша түзетуге жол беріледі. Әкімдердің халықпен кездесуінде дайын сұрақ­тар­дың қойылуына жол беруге болмайтынын Ұлттық экономика вице-министрі Бауыр­жан Омарбеков айтты. Бұл – көптің көкейінде жүрген мәселелердің бірі. Себебі әкім­дердің халыққа есеп беруі жат­танды қалыпқа әлдеқашан түсіп қойған. – Алдын ала дайындалған адам­дардың әкімдерге сұрақ қоюына ешқандай да жол беруге бол­майды. Аудиторияны қада­ға­лаған кезде әкімдікке жақын, әкімдіктің сөзін сөйлейтін адам­­дарды емес, «келемін», «қа­ты­­самын» деген белсенді адам­дар­дың кездесуге келіп қа­тысуын қамтамасыз еткен дұ­рыс. Кез келген есепті болсын, тұрақты болсын кездесуге келіп қатысамын деген адамға ешкім шектеу қоя алмайды. Өкінішке қарай, бейресми шектеулердің бол­ғаны рас. Бірақ алдағы уа­қыт­та жергілікті атқарушы би­лік­пен бұл мәселені шешеміз. Оны Ұлттық экономика ми­нистр­лігі ғана емес, Президент Әкім­шілігі де жіті қадағалап оты­рады, – деді вице-министр. Оның атап өтуінше, жергілікті жер­лерде мұндай шектеулер бол­ған жағдайда заң аясында тиіс­ті іс-шара қабылданады. Со­нымен қатар ол әкімдердің аза­маттарды жеке қабылдау күн­дерін көбейту мәселесі де қарал­ғанын айтты. – Әкімнің кездесуі өткеннен кейін ол азаматтарды жеке қа­был­дауға тиіс. Жеке қабылдауға кім қатыса алады? Сол жиынға кел­ген кезде сауал жолдауға уа­қы­ты жетпеген, қойған сұра­ғы­на тиісті жауап ала алмаған адам­дар жеке қабылдауға кіре ала­ды. Ол жерде тек әкім емес, жер­гілікті атқарушы биліктің өкіл­дері, прокуратура, ішкі істер органдарының қызметкерлері, мәс­лихат депутаттары, қоғам­дық кеңес мүшелері, зиялы қауым өкілдері көтерілген мә­се­ле­ні дер уақытында шешуге тыры­сады, – деді Бауыржан Омарбеков. Жалпы, Жарлықта ай­тыл­ған мә­селелер өзді­гінен орындалуға тиіс әкім­дер­дің негізгі қызметінің ажы­ра­мас бөлшегі болғанымен, оның керекті деңгейде орын­дал­мауы осындай қосымша шара қабылдауға әкелгендей. Әкімдердің рейтингі қандай? Елімізде әр жыл сайын әкім­­дердің түрлі рейтин­гі шығарылып жатады. Әрқай­сы­сының көрсеткіштері де әр­түр­лі. Президенттің пәрмені­мен жасалып жүрген рей­тингті Президент Әкімшілігі жанындағы арнайы комиссия сарап­тайды. Барлық мәлімет Статистика агенттігінен алы­на­ды. Сонымен бірге облыс әкім­дігі де өз алдына рей­тинг түзіп, тоқсан сайын үздік­терді анықтап отыратыны бел­гілі. Одан бөлек, еркін, тәуелсіз рейтингтерді де көзіміз шалып қалады. Ол жер­ден көрсеткіші нөлден де тө­мен түсіп кеткен, яғни минус­қа кеткен әкімдерді де байқауға болады, мұндай сынға көбіне бір орында қаншама жыл отыр­ған әкімдер іліккенін атап өт­кен жөн. Кей сарапшылар ауыл, ау­дан әкімдерін сайлау облыс әкімдерін тікелей сай­лау­ға ұласатын болады деген пікір айт­қан еді. Егер сайлауды расы­мен ашық, еркін, таза өткізуге дағ­дыланар болсақ, мұның ха­лық үшін игілігі де көп болар еді деп айтуға болады. Ауыл әкімдігіне кандидатқа дауыс берген халықтың кейін сайлауалды бағдарламаны қа­таң бақылауына, ал халықтың дауысын жинаған әкімнің жауап­­ты жұмыс істеп, олардың мұң-мұқтажын тыңдап, дер ке­зін­де іс-қимыл жасауына жол аша­ды. Ол үшін сайлау ашық жә­не әділ өтіп, қатаң бақылану­ға тиіс. Жалпы, сайлау дегеніміз – халықтың үні, халықтың пікірі. Сол үнді үзбей, пікірді бұрмаламай жүзеге асыру әділ қоғам құрудың алғышарты мен іргетасы екені анық. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» идеясының басты принципі – сол.