Қазақстаннан Украина үшін 2,2 млн доллар бөлінді

Қазақстаннан Украина үшін 2,2 млн доллар бөлінді

Қазақстаннан Украина үшін 2,2 млн доллар бөлінді
ашық дереккөзі
Қазақстан Украинаға гуманитарлық көмек үшін 2,2 млн доллар бөлді. Бұл қаржыға 25 түрлі 82 тонна дәрі-дәрмек жіберілмек деп хабарлады turkystan.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Басқа мемлекет ресми өтініш білдірген жағдайда Қазақстан дәстүрлі түрде гуманитарлық көмек көрсетеді. Украина тарапынан осындай өтініш түскеннен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев украин халқына гуманитарлық көмек көрсету жөнінде нақты тапсырма берді. Үкімет жанындағы Халықаралық гуманитарлық көмек көрсету мәселелері жөніндегі комиссия Украинаға жалпы құны 2 251 445 АҚШ доллары болатын 25 түрлі медициналық дәрі-дәрмек жіберу туралы шешім қабылдады. Гуманитарлық көмектің салмағы – 82 тонна. Қазір аталған жүкті межелі жерге жеткізу мәселесі пысықталуда. Жүкті Украина аумағына тікелей жеткізу мәселесі қауіпсіздік тұрғысынан өте қиын болып тұр. Осыған байланысты Қазақстан Үкіметі Украинаға жіберілген халықаралық гуманитарлық көмекті алу және бөлу хабтары орналасқан көршілес мемлекеттермен келіссөз жүргізіп жатыр», - делінген хабарламада.